BOOK Slam «Оқу жаңа әлемдерді ашады»

14.04.2025

КГКП «Жалел Қизатов атындағы жоғары ауыл шаруашылығы колледжі» кітапханасында «Оқу жаңа әлемдерді ашады» атауымен BOOK Slam әдеби шарасы өтті. Іс-шараның мақсаты – оқуға деген қызығушылықты арттыру, оқырман мәдениетін қалыптастыру, білім алушылардың әдеби ой-өрісін кеңейту және заманауи технологияларды қолдана білу. Мерекелік бағдарлама аясында студенттер келесі тапсырмаларды орындады: · «Фортуна дөңгелегі» – сенсорлық тақта арқылы тапсырмаларды кездейсоқ таңдау жасады; · Мәтінмен жұмыс – әдеби үзіндіні талдап, пікір білдірді; · Әдеби кроссворд – кейіпкерлер мен авторларды еске түсіру арқылы тапсырмаларды орындады; · QR-код сканері – қатысушылар әдеби мәтіндерді смартфон арқылы ашып оқыды. Іс-шара шығармашылық көңіл-күйде өтті. Студенттер әдеби сауаттылықтарын, зияткерлік белсенділіктерін және цифрлық дағдыларын көрсетті.



Текст
Виртуальная приемная